Драматург

lat: Dramatýrg

з а т  е с і м. Драмалық шығарма жазумен шұғылданатын жазушы. Бейімбет маған: - Бізде ең іргелі д р а м а т у р г Мұхтар ғой. Мен оннан артық пьеса жаздым, біріне де көңілім толған емес (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Шебер д р а м а т у р г қолынан шыққан пьеса Семей сахнасында жүдеушілік көрген жоқ («Қаз. әдеб.»). Д р а м а т у р г Б.Майлин «Неке қиярда» феодалдық әдет-салтқа қарсы тұрып, бас бостандығы үшін күрескен Зәуре сияқты қазақ қызының образын сахнаға шығарды («Қаз. әдеб.»).