[франц. drainage] з а т е с і м. т е х н и к а л ы қ. Жер астына қазып орнатылған трубалар мен каналдар арқылы жерді кептіру жүйесі. Қазақстанда сортаңдардың барлық жерге таралуы сортаңды топырақ түзейтін жыныстардың кеңінен таралуына және д р е н а ж д а р д ы ң жоқтығына байланысты (Агроном. анықтама.). Тұрғын үйлердің астындағы суды д р е н а ж д ы ң өте жетілдірілген жүйесі арқылы сыртқа ағызып жіберетін болған («Лен. жас»). Бұған өзендер мен жылғалардың арнасы бұру, ормандарды отау және түбірлерді тамырымен жұлып тастау, д р е н а ж арықтарының желісін жүргізу арқылы карьер алабын қоршау сияқты арнаулы, кейде қымбатқа түсетін әрі ірі инженерлік жұмыстарды жүргізу кіреді (Т.Қалыбеков, Экология.).