Дыбыс дисперсиясы

lat: Dybys dıspersıaásy

физ. Дыбыс жылдамдығының дисперсиясы - гармониялық дыбыс толқындарының фазалық жылдамдығының жиілікке тәуелділігі.

Дыбыс дисперсиясы ортаның физикалық қасиеттері мен сол ортадағы бөтен қоспалардың, сондай-ақ, дыбыс таралатын орта (не дене) шекарасының болуы («геометриялық» дисперсия) салдарынан түзіледі (ҚҰЭ).

Газдағы дыбыс дисперсиясы молекулалардың тербелмелі және айналмалы еркіндік дәрежесін қоздыруға, ал сұйықтықтағы ішкі құрылымының қайта құрылуына, сондай-ақ, диссоциация процестеріне, химиялық реакцияларға т.б. байланысты болып келеді (ҚҰЭ).

Ал қатты денелердегі дыбыс дисперсиясы әдетте, акустикалық толқындардың қандай да бір қоздырулардың түрлерімен әсерлесуінен пайда болады (ҚҰЭ).