Дыбыс жылдамдығы

lat: Dybys jyldamdyǵy

ф и з. Дыбыс толқындарының әртүрлі ортадағы орын алмастыру жылдамдығы .

Дыбыс жылдамдығын өлшеу арқылы заттардың көптеген қасиетін анықтауға боладыизика).

Әдетте, берілген сыртқы шарттарда дыбыс жылдамдығы белгілі бір зат үшін тұрақты шама әрі ол толқынның жиілігі мен амплитудасына тәуелді болмайды (ҚҰЭ).

Дыбыс жылдамдығы газдарда температура мен қысымның өсуіне байланысты жоғарылайды, сұйықтықтарда (судан басқасы) температураның жоғарылауына байланысты төмендейді, ал теңіз суында температураның, тұздылықтың және тереңдіктің өсуіне байланысты жоғарылайды (ҚҰЭ).