lat: Dybystyq jazý
л и н г в. Тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі.
Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. 1-мыңжылдығының басында пайда болған (ҚҰЭ).
Ертедегі әріп жазуы (финикий жазуы, арамей жазуы және т.б.) консонантты дыбыстық жазу болады. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған (ҚҰЭ).
Зерттеушілер ең алғашқы таза дыбыстық жазу деп финикий жазуын атайды. Жазу тарихының мамандарының пікірінше, финикий жазуының ескерткіштері (Ахирам, Асдрубаал, Элибаал жазба ескерткіштері және т.б.) біздің заманымызға дейінгі Х-ХІІ ғасырларда пайда болған (ҚҰЭ).