ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ КЕҢЕЮІ

lat: EÝROPA ODAǴYNYŃ Keńeıýİ

Еуропа Одағының құрамына кіргісі келген, оның негізгі құндылықтарын құрметтейтін жəне қолдайтын Еуропадағы əрбір мемлекет Еуропа Одағы мүшелік туралы арыз бере алады. Қазір Исландияның (2010 ж. 27 шілдеден бері), Хорватияның (2011 ж. 30 маусымнан бері), Македонияның (2009 ж. 14 қазаннан бері), Черногория мен Түркияның (2005 ж. 4 қазаннан бері) Еуропа Одағына мүшелігі қарастырылуда. Албания, Босния, Косово жəне Сербия сияқты қалған төрт батыс Балкан мемлекеттері де Еуропа Одағына енуі мүмкін елдердің қатарында.