ЕУРОПА ПАРЛАМЕНТІ

lat: EÝROPA PARLAMENTİ

бұл орган (1952) заң шығару, бюджет көлемін белгілеу, халықаралық келісімшарттарды демократиялық тұрғыдан тексеру жəне бекіту сияқты сұрақтармен шұғылданады. Еуропа Парламенті заң шығарушылар кеңесімен біріге отырып, Еуропа кеңесінің бір жəне бірнеше жылдық бюджетін белгілейді, сондай-ақ комиссияның (ЕК) оны орындау жоспарын бекітеді. Еуропа Парламенті Еуропа Кеңесі ұсынған Комиссия президентін сайлап, комиссияны коллегиалдық орган ретінде бекітуге келісімін беруге тиіс. Еуропа Парламенті сенбестік білдіре отырып, комиссияны коллегиалдық орган ретінде таратуға мəжбүрлей алады (берілген дауыстың үштен екі бөлігі немесе Еуропа Парламенті депутаттарының көпшілік қолдауымен). Еуропа Парламентінің 24 комитеті бар, ең маңыздысы адам құқығы, қауіпсіздік жəне қорғаныс топтары бар Сыртқы істер комитеті жəне басқалар.