ЕУРОПАЛЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

lat: EÝROPALYQ JOǴARY BİLİM BERÝ KEŃİSTİGİNİŃ QALYPTASÝY

ЕЖБК-ні құру Болон стандарттарына өту дегенді білдіреді. Ол мыналарды қарастырады: білім беру қызметтерінің нарығын ұйымдастыру; бітірушілердің біліктілігін тану; білім беру мекемелерінің, сондай-ақ, ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етудің еуропалық жүйесі талаптарының салыстырмалылығы; білім беру сапасының ЖОО ішілік жүйесін дамыту; ЖОО қызметін сыртқы бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.