Еуропада таралған барлық тілдердің лексикалық және грамматикалық ерекшелігін картаға түсіруге арналған зерттеу жобасы. Атлас Исландиядан бастап Ресейге (Уралға) дейін 51 елдің аумағын қамтиды. Лингвистикалық мәліметтер 2634 пункт бойынша жинастырылған. Зерттеу аталмыш аумақта таралған тілдердің үндіеуропа, орал, алтай, баск және семит әулеттерін, сондай-ақ кавказ тілдерін, барлығы 90 тіл мен диалектіден тұратын 22 тілдік топты қамтыған. Бұл лингвистикалық картография тарихындағы бұрын қарастырылмаған аумақтар кеңдігі бойынша, сондай-ақ қамтылған тілдер саны жағынан ірі көлемдегі халықаралық зерттеу жобасы болып табылады. Жобаға 47 ұлттық (жалпымемлекеттік) комитет, сондай-ақ азшылық ұлыстар тілдері үшін арнайы құрылған төрт комитет қатысады. Жоба нәтижесі шолу шығарылымдары мен лингвагеграфиялық карта томдары енген «Atlas Linguarum Europae» атты көптомдық басылым болып саналады. 1975 жылдан 2002 жыл аралығында кіріспе, екі том сауалнама, бір шолу томы және алты том карта және оған берілген түсініктемелері жарияланды; жетінші томы баспаға әзірленуде. 1990 жылдардың басында басылымдар Ассенде, одан кейін Римде шығарылды. Жобаның ресми тілдері (картаға жазылатын түсініктемелер тілі) француз, ағылшын және неміс тілі болып табылады.