белгіленген тәртіп бойынша есептелетін еңбек қызметінің ұзақтығы. Жалпы, арнайы және үздіксіз еңбек өтілі болады. Жалпы еңбек өтілі – болған үзілістер есепке алынбайтын еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтық ұзақтығы. Арнайы еңбек өтілі – еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтық ұзақтығы, тек мазмұны бойынша немесе еңбек жағдайлары бойынша, оның ішінде еңбек өтілі өткен климаттық жағдайлар бойынша жалпы еңбек өтілінен бөлініп алынған еңбек өтілі. Үздіксіз еңбек өтілі – бір кәсіпорынындағы (мекемеде, ұйымда) үздіксіз немесе бірнеше кәсіпорындарда, тек егер бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысу кезінде белгіленген тәртіп бойынша еңбек өтілінің үздіксіздігі сақталған жұмыс ұзақтығы.