ЕҢБЕК ӨТІЛІ

lat: EŃBEK ÓTİLİ

белгіленген тәртіп бойынша есептелетін еңбек әрекетінің ұзақтығы. Жалпы, арнайы және үздіксіз еңбек өтілі болады. Жалпы еңбек өтілі болған үзілістер есепке алынбайтын еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтық ұзақтығы. Осы өтілді ескере отырып, қарттық бойынша немесе жалпы сырқаттану нәтижесіндегі мүгедектік бойынша зейнетақылар, сондай-ақ осындай сырқаттар нәтижесінде қайтыс болған асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша зейнетақы тағайындалады. Арнайы еңбек өтілі еңбектік немесе басқа да қоғамдық пайдалы қызметтің жиынтық ұзақтығы, тек мазмұны бойынша немесе еңбек жағдайлары бойынша, оның ішінде еңбек өтілі өткен климаттық жағдайлар бойынша жалпы еңбек өтілінен бөлініп алынған еңбек өтілі. Жұмыстың мазмұны бойынша бөлініп алынатын арнайы еңбек өтілі еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы тағайындау үшін маңызды; еңбек жағдайлары және еңбек қызметі өткен жер бойынша еңбек өтілі зейнетақымен қамсыздандыру саласында белгілі бір жеңілдіктерге құқық береді. Жерасты жұмыстарында, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда және ыстық цехтарда жұмыс істегендерге барынша кең ауқымды жеңілдіктер беріледі. Үздіксіз еңбек өтілі бір кәсіпорынындағы (мекемеде, ұйымда) үздіксіз немесе бірнеше кәсіпорындарда, тек егер бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысу кезінде белгіленген тәртіп бойынша еңбек өтілінің үздіксіздігі сақталған жұмыс ұзақтығы. Еңбек өтілінің бұл түрі негізінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы белгілеуде және зейнетақыға үстеме тағайындауда маңызды.