өнім өндіру, қызмет көрсету уақытының белгілі бір нормалары – техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес қызметкерлер үшін белгіленеді. Жаңа техника, технология енгізіліп және еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық немесе басқа да іс-шаралар жүргізіліп жетілдірілуіне қарай, сондай-ақ физикалық және моральдық ескірген жабдықтарды пайдалану жағдайларында еңбек нормалары қайта қаралуы мүмкін.