ЕҢБЕК СТАТИСТИКАСЫ

lat: EŃBEK StatısIKASY

еңбек ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін қалпына келтіру саласындағы жалпы құбылыстардың сандық заңдылықтарын зерттейтін экономикалық статистика саласы. Еңбек статистикасы жұмыспен қамтылудың, еңбекпен қамтылу және еңбек жағдайларының, жұмыс істеушілердің сапалық құрамын (оларды жынысы, жасы, білімі, мамандығы және т.б. бойынша бөлу), еңбек өнімділігінің, жұмыс уақытын пайдаланудың, еңбекке ақы төлеудің көрсеткіштерін және еңбекшілер өмірі деңгейінің кейбір көрсеткіштерін әзірлейді және талдайды.