адамның денсаулық жағдайына байланысты болатын еңбек әрекеттеріне қабілеттілік. Адам орындай алатын жұмыстың сипатына қарай жалпы (яғни қалыпты жағдайдағы қандай да бір жұмысты орындау қабілеті), кәсіби (белгілі бір кәсіп, мамандық бойынша жұмысты орындау қабілеті) және арнайы еңбекке қабілеттілік (белгілі бір өндірістік немесе климаттық жағдайларда – жер астында немесе кессондарда, биік таулы аудандарда немесе Қиыр Шығыста және т.б. жұмыс істеу қабілеті) деп бөлінеді. Көлемі бойынша әдетте толық және толық емес (шектелген, жартылай және т.б.) еңбекке қабілеттілік болады.