ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КАБИНЕТІ

lat: EŃBEKTİ QORǴAÝ KABINETİ

еңбекті қорғау, еңбекті қорғау талаптарының мәселелері, құқықтық білім беру бойынша оқу процесін қамтамасыз ету үшін құрылады. Еңбекті қорғау кабинеті еңбекті қорғау бойынша мынадай іс-шаралардың орындалуын: еңбекті қорғау бойынша семинарлар, дәрістер, әңгімелер және кеңестер жүргізуді; еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар, қызметкерлермен тақырыптық сабақтар жүргізуді және еңбекті қорғау талаптары бойынша білімін тексеруді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау бұрышының тақырыптық құрылымы мыналардан тұрады: еңбекті қорғау бойынша плакаттар, оқу-әдістемелік басылымдар, заңдар мен басқа да нормативтік актілерді, еңбектің қауіпсіз жағдайларын, ұжымдық және жеке қорғанысты қамтамасыз ету бойынша жалпы мәліметтерді, төтенше жағдайлар кезіндегі қызметкерлердің әрекеттерін қамтитын жалпы бөлімнен; арнайы бөлімдерден: өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша, электр қауіпсіздігі бойынша, алғашқы жәрдем көрсету бойынша. Еңбекті қорғау кабинеті баспа өнімдері, кино- және бейне өнімдер, бағдарламалық өнімдер, шынайы үлгілер, тренажерлар, макеттер мен манекендермен жабдықталады. Еңбекті қорғау бұрышы жұмысын ұйымдастыру процесі мыналарды көздейді: еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, алғашқы жәрдем көрсету бойынша оқыту процесін қамтамасыз ету; білімдерін тексеруді жүзеге асыру.