lat: EŃLİK
з а т. өс. <лат.macrotomia> Опа-далап жасау үшін тамырынан қызғылт сары түсті бояу алынатын шөптесін өсімдік.
Қызғалдақ, сарғалдақ, жауқазын, түймедағы, нарт, раушан, жалбыз, еңлік және т. б. адам баласы өмір бойы құмартқан гүлдерді біз тек жаз айларында ғана көреміз («Халық. мұғ.»).
Тастақ, беткейлерде түкті, аласа еңлікте көп кездеседі (Б.Мұханов, Қазақст. өсімдік.).