ЕҢЛІК

lat: EŃLİK

(Жамб.: Мер., Луг., Шу, Мойын.; Алм., Жам.) тамырынан кызғылт-сары түсті бояу алынатын шөптесін өсімдік, қына. Е ң л і к т і ң жапырағы тез ұшып кетіп, түбірі қалады (Жамб., Шу). Бетіңе е ң л і к жағып алғансың ба, немене, нарттай боп кетіпсің ғой, тегі?! (Алм., Жам.). Мына таудың беті жайқалып өскен е ң л і к (Алм., Жам.).