ЕҢСЕ

lat: EŃSE

зат. Желке мен жауырын арасы. ауысп. Бой, дене * Еңсе бермеу - бой бермеу. Еңсесі түсу - салы суға кету, әукесі түсу, жүні жығылу, мойнына су құйылу, басы салбырау, бас терісі салбырау, иығы салбырау, сағы сыну, иығына су кету, иіні (иығы) түсу, мойнына сорпа төгілу; бақыты таю, кеуілжірі кесілу, кеукені кету, басынан базары өту, т.б.