Еңбек өнімділігі

lat: Eńbek ónimdiligi

ф и л о с. Жұмыс уақытының бір өлшемі ішінде шығарылған өнім мөлшері, өндірісті еңбектің нәтижелілігі.

Еңбек өнімділігі уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Еңбек өнімділігінің дәрежесіне техникалық қарулану мен өндірісті жетілдіру, машинаны шеберлікпен пайдалану, еңбек тәртібін нығайту және т.б. ықпал жасайды (Саяси сөздік).

Еңбек өнімділігі өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыт бірлігінде өндірілген өнім мөлшерімен өлшенеді (ҚҰЭ).

Еңбек өнімділігі адам қызметінің мақсаттылығын, жемістілігін сипаттайтын өндіріс және қызмет жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі (ҚҰЭ).