Еңбек өнімділігі

lat: Eńbek ónimdiligi

ф и л о с. Жұмыс уақытының бір өлшемі ішінде шығарылған өнім мөлшері, өндірісті еңбектің нәтижелілігі. Е ң б е к ө н і м д і л і г і уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады (Қаз. тілі термин. Экономика.). Е ң б е к ө н і м д і л і г і н і ң дәрежесіне техникалық қарулану мен өндірісті жетілдіру, машинаны шеберлікпен пайдалану, еңбек тәртібін нығайту жән ет. б. ықпал жасайды (Саяси сөздік). Е ң б е к ө н і м д і л і г і өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыт бірлігінде өндірілген өнім мөлшерімен өлшенеді (ҚҰЭ). Е ң б е к ө н і м д і л і г і адам қызметінің мақсаттылығын, жемістілігін сипаттайтын өндіріс және қызмет жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі (ҚҰЭ).