Ұжым мүшесінде жалпы табысқа қосқан еңбегіне қарай берілетін қорытындылаушы сандық баға. Осы көрсеткіш бойынша еңбек ақы төленеді. Е ң б е к ү л е с і к о э ф ф и ц е н т і н д е әр қызметкердің еңбек өнімділігі, орындалған жұмыстың сапасы мен қиындығы, ұжымның басқа мүшелеріне тигізілетін қолғабысы, еңбек пен өндірістік тәртіпті сақтау және басқа да факторлар есепке алынады. Еңбек ақы тарифтік разрядқа және нақтылы еңбек уақытына сәйкес белгіленеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).