экон. а) Жұмысқа жалдау кезінде қызметкерлер мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдықты тұрақты негізде жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік е ң б е к б и р ж а с ы н ы ң көмегімен еңбек рыногына белгілі бір ықпал жасайды, жұмыссыздарды ғана емес, сонымен бірге кәсібін, мамандығын өзгерткісі келетіндерді де жұмысқа орналастыру процесін реттейді, жұмыс күшінің сұранымы мен ұсынымын зерделейді (Қаз. тілі термин. Экономика.). Е ң б е к б и р ж а с ы жастарды кәсіпке бағдарлайды, жұмыс күші рыногының жағдаятына ұдайы талдау жасайды, басқа да делдалдық операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу құқығының белгіленуі мен күшін жоюын бақылау міндетін орындайды (Қаз. тілі термин. Экономика.). ә) Жұмыссыздарды тіркеп және жұмыс табу жөнінде делдалдық жасап отыратын мекеме. Капиталистік елдерде е ң б е к б и р ж а л а р ы жұмыссыздарды аса ауыр жұмыстарға еріксіз жіберу үшін пайдаланылады (Саяси сөздік). Қызметті мен емес, е ң б е к б и р ж а с ы тауып беруге тиісті (С.Мұқанов, Есею жыл.).