lat: Eńbek jaraqaty
Қызметкердің не қызметшінің денсаулығына келтірілген зиян.
Мемлекет және қоғамдық міндеттерін орындау кезінде; адам өміріне араша тұру, меншік нысандар мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі азаматтық борышын өтеу барысында қызметкер бақытсыз оқиғаға душар болып, денсаулығына зиян келсе, еңбек жарақатына ұшыраған болып есептеледі (ҚҰЭ).
Еңбек жарақатының осындай деректері уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы, мүгедектігі үшін немесе асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы тағайындау барысында қаперге алынады (ҚҰЭ).