lat: Eńbek naryǵy
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу саласы, еңбек саудасы.
Бітірушілер үшін білім мен тәжірибені ұштастыра білу қажеттілігі ғана емес, қазіргі еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беріп, онда жеңіске жете білу қажеттілігі осыдан келіп туындайды («Жас Алаш»).
Еңбек нарығы арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады (ҚҰЭ).
Дамыған экономика жағдайында еңбек нарығының бір-бірімен байланысқан түрлері мол болады, ол түрлі мамандықтарға байланысты қалыптасады (ҚҰЭ).