Еңбек нарығы

lat: Eńbek naryǵy

Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу саласы, еңбек саудасы. Бітірушілер үшін білім мен тәжірибені ұштастыра білу қажеттілігі ғана емес, қазіргі е ң б е к н а р ы ғ ы н д а ғ ы бәсекелестікке төтеп беріп, онда жеңіске жете білу қажеттілігі осыдан келіп туындайды («Жас Алаш»). Е ң б е к н а р ы ғ ы арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады (ҚҰЭ). Дамыған экономика жағдайында е ң б е к н а р ы ғ ы н ы ң бір-бірімен байланысқан түрлері мол болады, ол түрлі мамандықтарға байланысты қалыптасады (ҚҰЭ).