Кәсіпорын (ұйым, фирма) кадрларын таңдауға, орналастыруға, оқытуға, өсіруге, олардың қызметін бағалауға ықпал жасау мақсатындағы нысаналы әрекет. Е ң б е к р е с у р с т а р ы н б а с қ а р у еңбек ресурстарын жоспарлау, қызметкерлерді жинау, кадрларды іріктеу, жалақы мен жеңілдіктерді айқындау, қызметкерлер қызметінің нәтижелерін бағалау кезеңдерін қамтиды (Қаз. тілі термин. Экономика.).