Еңкейген кәрі, еңбектеген бала [жас, сәби]

lat: Eńkeıgen kári, eńbektegen bala [jas, sábı]

Жұрттың бәрі, барлық ел, түп-түгел, бірі қалмай.

Еңкейген кәрісі, еңбектеген баласына дейін ат десе елең ете қалатын ерекше жандар (М.Дүзенов, Ақәже).

Қош айтысып қалу үшін көп халық жиналады

Еңкейген кәрі де, еңбектеген жас та жиналады (М.Тиесов, Дала).

Бұл жиынға еңкейген кәрі шал мен еңбектеген сәбиден басқалар түгел келді деуге болады (С.Мұқанов, Есею. жыл.).