lat: EDEN
з а т. 1. Үйдің, қораның, құрылыстың табанына төселген тақта т.б. төсем.
Бір мүйнетте зорайды от лапылдап,
Еден, тіреу қирады бек шатырлап
Әр терезе түбінде бір шенеунік,
«Ойбай! Өлем! Құтқар!» - деп тұр тақылдап (Шәкәрім, Өлеңд.).
Біз ауруларды аралап жүрген кезде кейде солардың кейбірінің еденге жайнамазын жайып тастап, намаз оқып жатқандарын талай мәрте көрген едік. Олардың өзі бізге орталықта намазжай ашпасқа болмайтынын ұғындырды («Егемен Қазақстан»).
Бектұрсын үйге келсе, келіншегі үйдің ішін тап-тұйнақтай етіп жинап, еденді жуып, неше күн ұйқысы қанбаған балаларын жатқызып отырған кезі еді (М.Дүйсенов, Мейман.).
Әсия бір шелек етті сорпаны еденнен көтеріп алып есікті аша бергенде, селоның шетіне түскен жау снаряды жер сілкіндіре гүрс етті (Қ.Исабаев, Аялы жан.).
2. Үйдің, қораның, құрылыстың табаны, жер.
Еденге тақтай төсеуге мүмкіндік бола бермейтіндіктен, шетін қышпен қаластырып, ортасына кесек сынықтарымен араластыра топырақ төгіп, үстін қалың етіп сылап тастайын сәкі, сыпа (суфа) жатақ, қонақ бөлмелерінің үштен екісіндей бөлігін алып жататын. (Ө.Жәнібеков, Жолайрықта).
«Қалайша, сонда бұл үйдің едені тақтайланбаған ба?» (Д.Исабеков, Таңд. шығ.).