үй-жай, баспана ішіне салынатын құрылыстық төсеніш. Үйдің және қосалқы шаруашылық баспаналарының дәстүрлі едені түрлі қоспалар қосылған балшықтан жасалды. Қоспаларының арақатынасы шамамен біркелкі келеді. Мәселен сарытопыраққа қазоты, жылқы тезегін (бопай) қосып араластырып илеп, иін қандырған соң үй ішіндегі жерге қалыңдығы екі еліден кем емес болатындай етіп төгіп, бетін әндемемен ( ағаш тақтайдан жасалған ұзынша келген жалпақ қалақ ) жаймалап тегістеген соң сылақ темірмен сулай отырып сылап тегістейді. Кейін келе еденге ағаш тақтай төсеу кең тарады. Тошала үйлердің еденіне ілкіде жалпақ тас та төсейтін. Қазақ даласындағы ескерткіштердің, әсіресе кесенелердің еденіне бұрын соқпа және қызыл кірпіш төселді.