lat: EDINISA
о р. з а т. 1. Бірлік; біртектес, бірқалыпты нәрселерді белгілейтін (көрсететін) өлшем бірлігі, шама.
Бағалар масштабы үшін алтынның белгілі салмағы өлшем единицасы ретінде тағайындалған (К.Маркс,.. Капитал).
Мысалы, сілтілі фосфотазаның қалыптағы мөлшері 6-10 единица болса, рахитпен ауырған балаларда оның мөлшері 200 единицаға көтеріледі (Т.Айтбаев.., Қан. қасиеті).
2. Бір бүтін нәрсенің жеке бір бөлегі, бүтіннің бөлшегі.
Сөйтіп, ең алдымен сөзді, онан кейін дыбысты зерттей келіп, сөйлеудің ең ұсақ единицасы - грамматикалық тұлғаларды зерттеу керек, ақырында тілдің күрделі единицасы - сөйлемді тексеру керек (Қазіргі қаз. тілі).
3. а у ы с. Жеке адам, бір бүтін тұлға.
Единица жасысы
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз-ақ өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл (Абай, Тол.жин.).