2 з а т. Аспан кеңістігіндегі ауа ортасы. Бұл күндері аспан кеңістігін айналған э ф и р толқындарынан қарлығаштай қанат қағып, ұшқыр да ұтқыр ғажайып үндер естіледі (С.Мәуленов, Жер нәрі). Күз еді. Жолдастардың қашты да әлі, Қармап жатыр кешкілік асты бәрі. Сары кекіл радист тәмпіш Петя Ұстай қойды э ф и р д е н Москваны (М.Мақатаев, Шығ.). Диктор даусы сондай ашық, жайлы естіледі, э ф и р д е бөтен бір дыбыс, шу жоқ (Т.Жармағамбетов, Нәзік.).