ЕГУ

lat: EGÝ

Ек етістігінің қимыл атауы.

Профилактика дегеніміз аурудың алдын алу, ауруды болдырмау, атап айтқанда тазалық сақтау, әртүрлі ауруларға қарсы егу (С.Сұбханбердин, Өсімдік-дәрі.).

Қоршаған ортаның жағымсыз әсерімен ол азаяды, ал туберкулезге қарсы алдын ала егу арқасында көбейеді (Туберкулез).

Пастер сол күні өзінің егу әдісін адамды құтыру ауруынан сақтанды ру мақсатында тарихта бірінші рет қолданды (Х.Жұматов, Қүтыру ауруы).