зат. 1. Егіншаруашылығымен айналысушылық, егін егушілік. Ағайындарының басын құрап, оларды е г і н ш і л і к кәсібімен айналысуға шақырды (С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла). Е г і н ш і л і к оңай іс емес, оған алдымен жер таңдай білген жөн (Қ.Исабаев, Шығ.). Аграрлық (диқаншылық) табынушылық -еңбек өнімділігін арттыру үшін табиғат апаттарына құдірет жолымен әсер ету мақсатында е г і н ш і л і к п е н айналысатын көне халықтардың діни-құдірет күшіне табынуы мен салт-дәстүрлерінің жиынтығы («Парасат»). Аграрлық табынушылықта е г і н ш і л і к к е немесе үй жануарларына қауіп төндіретін (құрғақшылық бұршақтың соғуы қара шегірткенің қаптауы, малдың індетке шалдығуы, т.т.) ерекше қауіптерге қарсы тұратын құдіретті күш бар деген ұғым пайда болды. Құрғақшылық жылдары мұсылмандардың су жағасына барып тасаттық шалуы, сөйтіп тәңірден жаңбыр тілеуі осының айғағы («Парасат»). Мал шаруашылығын жан-жақты дамыту үшін ең алдымен е г і н ш і л і к т і жолға қою керек болды (С.Ақтаев, Дала.). 2. Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстанда е г і н ш і л і к т і ң өзіндік көне тарихы бар (ҚҰЭ). Е г і н ш і л і к ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі («Зерде»).