lat: EGİSTİK
з а т. Егіс себілген, егін егілген жер.
Егістікке жарайтын жерге азғана бидай мен тары егеміз (Т.Ахтанов, Боран).
Бригадир Қалмұрат мазасыз адам болатын. Құмтөбеге келгелі егістікке су беретін бас арықтың құрылысына үш рет барып қайтты (Жасыл белес).
Бұл өзі қырық елу гектар шамасындағы алқапты алып жатқан егістік екен (Ә.Жылқышиев, Балжан.).