зат. Егіс себілген, егін егілген жер. Е г і с т і к к е жарайтын жерге азғана бидай мен тары егеміз (Т.Ахтанов, Боран). Бригадир Қалмұрат мазасыз адам болатын. Құмтөбеге келгелі е г і с т і к к е су беретін бас арықтың құрылысына үш рет барып қайтты (Жасыл белес). Бұл өзі қырық елу гектар шамасындағы алқапты алып жатқан е г і с т і к екен (Ә.Жылқышиев, Балжан.).