ЕГЕР

lat: EGER

ш ы л. Шарттық қатынасты (мәнді) білдіретін жалгаулық шылау; болмаса, немесе, әйтпесе, яки. Е г е р көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззәт алар едік (Абай, Тол. жин.). -Е г е р аңға шыға қалғандай болсақ, кездік керек боп қалар (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). Хан икемге келетін болса асықпайсыңдар, е г е р икемге келмесе қар суы кетпей келетін болыңдар (М.Тиесов, Әңгім.). Мін тапсаң е г е р жолдастан, Ұсақ деп оны жұбатпа. Талапкер, қатал бол жастан, Уақытпен дайым жұп атта (Ж.Молдағалиев, Поэм.).