lat: EKİ-ÚSH
с ы н. Екі не үш шамалас болжалды сан.
Не болмаса, жорға ат жетектетіп екі-үш қосшы жігіт жіберіп алдырады екен. Бұл барыс-келіс, сыйластық қарым-қатынас Таңжарық Құлжа қаласына жұмысқа ауысқанша үзілмей жалғасып тұрған («Егемен Қазақстан»).
«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген сөз бар емес пе? Аты, заты бөлек жан біздің ханымыздан қалған асыл мұраны қайтсін, екі-үш жылдың ішінде «қалпына келтірілмек» түгіл адам көргісіз сұлбасын ғана қалдырып, тастап кеткен («Қаз. әдеб.»).
Шомылып айна өзенге аулақ бетте,
Өтті де екі-үш рет арғы бетке.
Өзі өскен өлкеге оймен қарап,
Көз салды нұрға шомған төңірекке (О.Шипин, Дастан.).
Бұған себеп бір ғасырға жуық санамыздың өзге идеологиямен уланғандығында болса керек. Соның кесірінен ата-бабамыздың дінінен хабарсыз екі-үш буын өсіп те жетілді («Қаз. әдеб.»).