үст. 1. Ежелден, о бастан, әуелден; бұрыннан, баяғыдан. -Орта жүзден бөлініп кеткен аз ғана арғынға Бұліншілік заманда теңдік аз тисе керек, қоныстың жайлысы е к і б а с т а н тимейді (Х.Досмұхамедұлы Таңд.). Депутаттыққа таласқандар халықпен кездесуге келгенде, е к і б а с т а н «елге жаманшылық қылам» демейді, барлығы «депутат болсам, барлық қажеттілікпен қамтамассыз етем» дейді. Барлығы бірдей ниеттеніп тұрған соң, сайлаушылар арасынан өз руына дауыс бере қояды («Жас Алаш»). Төртеуі түгел барып қостарына, Қуанып қосылып жар-достарына, Мақтасып е к і б а с т а н жатыр ерді, «Саулықтың шығарды, - деп -бостанына» (Т.Ізтілеуов, Шығ.). 2. Онсыз да, ешкімнің көмегінсіз. Төрелік: сасқандағы сазыңа түс! Сіз де бар е к і б а с т а н есепсіз күш! Адамға одан кейін көрсетілер, Жаһанда жан көрмеген ғажайып іс! (О.Шораяқов, Шайыр, Дөң асқан). Е к і б а с т а н, арғы жағын өзіңіз де түсінетін шығарсыз (Ғ.Сланов, Дөң асқан). Әлгі Мырзахметті білетін бе едің? Есетті е к і б а с т а н білесің (С.Бердіқұлов, Егеулі найза). Бізде е к і б а с т а н күш-қару жоқ (М.Жұмағұлов, Қыран.).