ЕКІЖАҚТЫ

lat: EKİJAQTY

с ы н. 1. Екі жағынан бірдей, екі жақтан.

Егер бала қылып алушы некеде жазылып тұрса бала қылып алу жөніндегі жұбайларды екіжақты келісімі қажет болады (Семья тәрбиесі).

Ертең Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демакрациялауға байланысты 6 тамыздан бері Ташкентте жұмыс істеп жатқан екіжақты комиссия өз жұмысын аяқтады («Жас Алаш»).

2. Өзара, ерсілі-қарсылы.

Бұл уақытта құстар мен ондатрлар бір-біріне екіжақты қамқорлық жасайды («Лен. жас»).

3. а у ы с. Әрі- сәрі, солкылдак; кайшылықты.

Екіжакты, қайшылықты пікірден революцияға дейінгі ел ақындарының бірталайы құтыла алған жоқ (Е.Ысмайылов, Ақындар).

Таң атса күн болар,

Күн батса түн болар.

Екіжақты сөйлеткен

Сайраған қызыл тіл болар (Үш ғасыр.).