сын. 1. Екі жағынан бірдей, екі жақтан. Егер бала қылып алушы некеде жазылып тұрса бала қылып алу жөніндегі жұбайларды е к і ж а қ т ы келісімі қажет болады (Семья тәрбиесі). Ертең Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демакрациялауға байланысты 6 тамыздан бері Ташкентте жұмыс істеп жатқан е к і ж а қ т ы комиссия өз жұмысын аяқтады («Жас Алаш»). 2. Өзара, ерсілі-қарсылы. Бұл уақытта құстар мен ондатрлар бір-біріне е к і ж а қ т ы қамқорлық жасайды («Лен. жас»). 3. ауыс. Әрі-сәрі, солкылдак; кайшылықты. Е к і ж а к т ы, қайшылықты пікірден революцияға дейінгі ел ақындарының бірталайы құтыла алған жоқ (Е.Ысмайылов, Ақындар). Таң атса күн болар, Күн батса түн болар. Е к і ж а қ т ы сөйлеткен Сайраған қызыл тіл болар (Үш ғасыр.).