ЕКІНШІ

lat: EKİNSHİ

с а н. 1. Заттың бірден кейінгі кезекті есебін білдіретін реттік сан.

Біз кілем төсеген баспалдақпен екінші қабатқа көтерілдік (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Бұқтырма су электр станциясының бөгеті биіктігі жөнінен Братск ГЭС-інен кейінгі екінші орында (Ә.Нұршайықов, Алтын.).

Ең керекті екпінді жұмыс деп кәмисие бірінші, екінші басқыштарға оқу кітаптарын даярлауды тапты. Сонан соң кәмисиеге жиылып жатқан халық әдебиетін түстеп, түзеп, тексеріп, баспаға даярлауды ұйғарды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).

Екінші сорт түгіл үшінші сортқа да алмаймын (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

2. Келесі, бұдан кейінгі, одан соңғы.

Біздің полк бір деревнядан соң екіншісін алуда (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).

- Екінші жолы да осылай орындайсың ба бұйрықты? (С.Мұқанов, Өмір.).

Екіншіайтарым, қазіргі жағдайда Моғолстан мединесін бекінісі нашар Алмалыққа қалдырамыз ба, әлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта көшіреміз бе, соны шешіңдер (І.Есенберлин, Алмас.).

3. Қарсы беті, қарама-қарсы жағы.

Бала жалма-жан көшенің екінші бетіне қарай жүгірді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

Екі қотыр ат қораның екінші жағында (Б.Майлин, Шығ.).

Якорьдің екінші ұшына топсалы етіп ұзындығы 14-16 мм темір тіл орнатылады («Халық мұғ.»).

4. а у ы с. Бұдан былай, ендігәрі.

- Құп, тақсыр. Ал екінші мәртебе қолға түссе ше? - Онда басын алыңдар (І.Есенберлин, Алмас.).

Әлде Жарман жынды бірдеңені сезіп қалып, менімен екінші қайтып кездеспе деп ұрысты ма? (М.Дүзенов, Ақәже).

5. а у ы с. Бөлек, басқа, бөтен.

Екіншісі - қара мұрты қара түн Қара түнде қаққан қара қанатын, Шағатайға Отырардың қақпасын Ашып берген Қарашоқы болатын (М.Шаханов, Ғасырдар.).

Олардың мақсаттарына жету, жетпеуі ол екінші мәселе (Қ.Жұмалиев, Қаз. эпос.).

Екінші тәсіл - коммуналдық қызмет тарифтерін экономикалық негіздеу арқылы. Сонымен бір мезгілде тұрғын үй қорын пайдалану мен ұстауға бақылау орнату жүйесін енгізіп, тұрғындардың жауапкершіліктерін арттыру қажет («Егемен Қазақстан»).

6. а у ы с. Басқаша, ерекше, жаңаша.

Біраздан соң күн ашылып, жер-дүниенің бәрі екінші түрге енді (С.Шарипов, Шығ.).

Бұдан кейін Мәкіш апайдың екіншіөмірі басталғандай еді (Р.Тоқтаров, Терістік.).

Қырын келген ол ма, әлде ғасыр ма, Уыз шақта, Жиырма тоғыз жасында, Шоқан солай екінші өмір бастады. Ең айдарлы жұлдызынан айрылды Аңқау қазақ аспаны (М.Шаханов, Ғасырлар.).