с а н. 1. Заттың бірден кейінгі кезекті есебін білдіретін реттік сан. Біз кілем төсеген баспалдақпен е к і н ш і қабатқа көтерілдік (Ә.Шәріпов, Алыс.). Бұқтырма су электр станциясының бөгеті биіктігі жөнінен Братск ГЭС-інен кейінгі е к і н ш і орында (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Ең керекті екпінді жұмыс деп кәмисие бірінші, е к і н ш і басқыштарға оқу кітаптарын даярлауды тапты. Сонан соң кәмисиеге жиылып жатқан халық әдебиетін түстеп, түзеп, тексеріп, баспаға даярлауды ұйғарды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Е к і н ш і сорт түгіл үшінші сортқа да алмаймын (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). 2. Келесі, бұдан кейінгі, одан соңғы. Біздің полк бір деревнядан соң е к і н ш і с і н алуда (М.Ғабдуллин, Ел намысы.). -Е к і н ш і жолы да осылай орындайсың ба бұйрықты? (С.Мұқанов, Өмір.). Е к і н ш і айтарым, қазіргі жағдайда Моғолстан мединесін бекінісі нашар Алмалыққа қалдырамыз ба, әлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта көшіреміз бе, соны шешіңдер (І.Есенберлин, Алмас.). 3. Қарсы беті, қарама-қарсы жағы. Бала жалма-жан көшенің е к і н ш і бетіне қарай жүгірді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Екі қотыр ат қораның е к і н ш і жағында (Б.Майлин, Шығ.). Якорьдің е к і н ш і ұшына топсалы етіп ұзындығы 14-16 мм темір тіл орнатылады («Халық мұғ.»). 4. ауыс. Бұдан былай, ендігәрі. -Қүп, тақсыр. Ал е к і н ш і мәртебе қолға түссе ше? -Онда басын алыңдар (І.Есенберлин, Алмас.). Әлде Жарман жынды бірдеңені сезіп қалып, менімен екінші қайтып кездеспе деп ұрысты ма? (М.Дүзенов, Ақәже). 5. ауыс. Бөлек, басқа, бөтен. Е к і н ш і с і -қара мұрты қара түн Қара түнде қаққан қара қанатын, Шағатайға Отырардың қақпасын Ашып берген Қарашоқы болатын (М.Шаханов, Ғасырдар.). Олардың мақсаттарына жету, жетпеуі ол е к і н ш і мәселе (Қ.Жұмалиев, Қаз. эпос.). Е к і н ш і тәсіл -коммуналдық қызмет тарифтерін экономикалық негіздеу арқылы. Сонымен бір мезгілде тұрғын үй қорын пайдалану мен ұстауға бақылау орнату жүйесін енгізіп, тұрғындардың жауапкершіліктерін арттыру қажет («Егемен Қазақстан»). 6. ауыс. Басцқаша, ерекше, жаңаша. Біраздан соң күн ашылып, жер-дүниенің бәрі е к і н ш і түрге енді (С.Шарипов, Шығ.). Бұдан кейін Мәкіш апайдың е к і н ш і өмірі басталғандай еді (Р.Тоқтаров, Терістік.). Қырын келген ол ма, әлде ғасыр ма, Уыз шақта, Жиырма тоғыз жасында, Шоқан солай е к і н ш і өмір бастады. Ең айдарлы жүлдызынан айрылды Аңқау қазақ аспаны (М.Шаханов, Ғасырлар.).