ЕКЕН

lat: EKEN

е т. «Е» көмекші етістігініц өткен шақ есімше формасы.

Ол Қарақияның күншығысындағы жұртқа жеткенде Үркер, Ұшарқар, Сүмбілелер құлдилап етекке барып, таң да сібірлеп келеді екен (Х.Әбішев, Аспан сыры). Ауылға жақындағанда жас жігіттерге жат көрінген бір нәрсе, бүл ауылдың барлық жаны топталып, шеткі үйдің сыртына жиылып бұларды күткендей болып тұр екен (М.Әуезов, Қараш.).

Ырғыз бен Торғайда көшіп жүрген Кенесарыны жоқ жерден бұл араға келе қояды екен деп күтпеген патша әскері қапыда қалады (І.Есенберлин, Қаһар).