ет. «Е» көмекші етістігінің өткен шақ есімше формасы. Ол Қарақияның күншығысындағы жұртқа жеткенде Үркер, Ұшарқар, Сүмбілелер құлдилап етекке барып, таң да сібірлеп келеді е к е н (Х.Әбішев, Аспан сыры). Ауылға жақындағанда жас жігіттерге жат көрінген бір нәрсе, Бұл ауылдың барлық жаны топталып, шеткі үйдің сыртына жиылып бұларды күткендей болып тұр е к е н (М.Әуезов, Қараш.). Ырғыз бен Торғайда көшіп жүрген Кенесарыны жоқ жерден бұл араға келе қояды е к е н деп күтпеген патша әскері қапыда қалады (І.Есенберлин, Қаһар).