lat: EKSİM
з а т. Екпін, қарқын; өктемдік, қызбалық.
Сұлтанмахмұт орнынан атып тұрып, оқи жөнелді. Үнінде ерекше ексім бар (Д.Әбілев, Арман.).
Бір нәрсенің ексімі тигендей есіп сөйлеп тұрған алпамсадай жігіт демде басылып, қабағы түсіп, томсарып қалды («Жұлдыз»).
// Өктем, үстем, басым, астам.
Оспан ұршықтай үйіріліп, ішкі толқын әсерімен ексім сөйледі (С.Омаров, Қызыл арай).