ЭКС

lat: EKS

1… [лат. ех-сыртқа] 1. Күрделі сөздердің бірінші бөлімі, іштен сыртқа қарай шығу, шығару, жылжу дегенді білдіреді. Жасы 80-ге тақаған э к с-президенттің соншама ширақтығы, шынын айтар болса, бізді қайран қалдырды (“Егемен Қазақстан”). Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен келтірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының э к с-Президенті деген атағы болады (ҚР Конституциясы). Республиканың э к с-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады (ҚР Конституциясы).