ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ӨНІМ НОМЕНКЛАТУРАСЫ

lat: EKSPORTTYQ BAQYLAÝǴA JATATYN ÓNİM NOMENKLATÝRASY

қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың бақылау тізімдері, тізбектері, екі ұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикізаттың, материалдардың, жабдықтардың жекелеген түрлері, жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауіпті түрлері мен оларды жеткізу құралдарын жасау кезінде қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы 9 ҚРЗ 1-бап)