(латын. - дайын, әзір ) — әдебиетте суырып салып өлең шығарудың бір түрі. Табан астында ауызша не жазбаша түрде ешбір дайындықсыз шығарып айтылады. Көбінесе әзіл-күлкілі, сатиралық мазмұнда болып, мадригалға, эпиграммаға ұқсайды. Роман-эпопеяда Абайдың Зере әжесінің естімей қалған құлағын үшкіріп айтқан өлеңдері («Қайтқанда»). «Уа, қой десе бір қоймайсың» деп, Майбасарға арнаған өлеңі («Жолда»). Абай ауырып жатқанда Барлас ақынның шығарған жырлары («Қайтқанда») т.б. Э-ка жатады.