ЕЛУ

lat: ELÝ

с а н. Қырық тоғыз бен елу бірдің арасындагы есептік сан; жүздің жарымы, бес он; 50 санының атауы. Миллион шырпыны (күкіртті) ұштастырып тіресек, ұзындығы е л у шақырымдай шоқ болады. Шаштың бір түгі милион рет жуандасауандығы алпыс құлаш бағана болады. Ахметтің екінші жылдық «Тіл-құралы» 120 бет болмай, милион бет болса, қалыңдығы елу шақырым кітап болады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). 1738-інші жылы сүмбіленің ішінде Әбілқайыр ханмен бірге бағынуға ант беріп, қол қойған е л у алты кісі мына рулардан: 17 кісі арғын, 7 адам найман, 4 адам қыпшақ, 2 адам-тама, 10 адам -табын, 3 адам-жағалбайлы, 1 адам -кердері, 4 адам -алаша, 2 адам -байбақты, 2 адам -жаппас, 2 адам -масқар, 1 адам-шөмекей, 1 адам -кете (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Ұзыны да, көлденеңі де е л у шақырым қалың орманның іші толған партизан (З.Ақышев, Ақбел.). // Елу жас. Е л у г е келген, шашы бурыл тартқан, Көзінің түсі оңып, нұры қайтқан. Жүріс-тұрыс сүйтсе де жас жігіттей, Қуатына жарамас шал деп айтқан (Абай, Тол. жин.). Біздің Темекең сол жылы е л у г е келген-ді (І.Есенберлин, Алтын.). Елу д е інілерге шал атанып, Риза боп елжірейсің сәлемдессе, «Шал» аты жүз келсе де айырылмайды, Шараң жоқ, қара жерге енді енбеске (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Еңсеңе әлі-ақ бір күн мінеді е л у, Қазанның қара түнек бұлтындай-ақ (О.Шораяқов, Шайыр). Е л у г е келген шақта қатын дейді, Онан соң кемпір келе жатыр дейді. Ер-әйел төрт кезеңмен аяқтайды, Қара жер табандағы ақыр жейді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).