lat: ELÝLİK
з а т. к ө н е. 1. ә с к. Елу-елуден бөлінген (біріккен) сарбаздар тобы; взвод.
Жүздік, елулік топ тағайындап, олардың басына батыл, өжет жігіттер беріп, мергендер тобын бөлек іріктеп, ең тәуір дегенін өз қарамағына жинады (М.Жұмағұлов, Қыран.).
Соғыс советі сардарды - командир, сарбазды - жауынгер, елулікті- взвод, атты жүздікті - эскадрон, жаяу жүздікті - рота, жасақты - полк деп өзгертті (Ж.Тілеков, Жоңғар.).
Низамға түскеннен соң штат құрды.
Елулік, ондық деген адам тұрды.
Залалсыз патша әмірі болғаннан соң,
Ахоты болған адам іске кірді (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
2. с ө й л. Би-болыстың ел ішіндегі өкілі, әкім; елубасы.
- Е, ол әлгі менің болысқа кандидат болып, сенің елулік болып... - деп Жүсекең көтеріле түсті (Б.Майлин, Шығ.).